• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
17 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы  №22

401 рет
көрсетілді

2016 жылғы 20 қаңтар, Астана қаласы «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 239 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес бұйырамын: 1. «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 239 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7814 болып тіркелген, 2012 жылғы 23 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 540-545 (27618) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті: 1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне жолдауды; 2) осы бұйрықты мерзімді баспасөз беттерінде және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж.Әбдірайымға жүктелсін. 4. Осы бұйрық кол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Б.ИМАШЕВ.